Close

08.06.2026

JAEA жыл сайынғы «Реактор технологиясы» бойынша оқыту курсы

2026 жылғы 1-5 маусым аралығында ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының базасында біліктілікті арттыру мақсатында жыл сайынғы «Реакторлық технологиялар» оқу курсы өткізілді. Курстың лекторлары мен нұсқаушылары кәсіпорын қызметкерлері, олардың дәрістері Атом энергиясы институты қызметінің негізгі тақырыптарын қамтиды. Атом саласы үшін кадр даярлау бағыты бойынша JAEA-мен ынтымақтастық шеңберінде курс лекторлары ретінде ядролық қауіпсіздік, ядролық отын, инженерлік этика және қауіпсіздік мәдениеті және жылутасымалдағышын жоғалтатын ауыр авариялар тақырыптарындағы баяндамамен JAEA-ның 2 сарапшысы қатысты. Курс тыңдаушылары кәсіпорын қызметкерлері. Дәрістер және практикалық сабақтардың нәтижесінде тыңдаушыларға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.